2014 жылғы 14 тамыз, Астана қаласы
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимін енгізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 8 мамырдағы № 7630 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 31 қазандағы, 2012 жылғы 7 қарашадағы №375-376, 383-384 (27194-27195, 27202-27203, 27204-27206), 2012 жылғы 8 қарашадағы №388-389 (27207-27208) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте «Әділет» ақпараттық құқытық жүйесіне және ресми ақпараттық бұқаралық құралдарына жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оны бірінші ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі, бірақ 2015 жылғы 1 қаңтардан ерте емес.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. ҚАСЫМОВ.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 14 тамыздағы №510 бұйрығымен бекітілген
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидалары
1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 101-бабына сәйкес әзірленді және ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін айқындайды.
2. Ерекше жағдайлар режимiн енгiзудiң мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, сотталғандардың құқыққа қарсы әрекеттерiнiң жолын кесу, заңдылық пен тәртiптi қалпына келтiру, сондай-ақ шұғыл құтқару және авариялық жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.
3. Мекеменiң жұмысын ұйымдастыруға, сонда жұмыс iстейтiн персоналдың, сотталғандардың және іргелес жатқан аумақта тұратын адамдардың қауiпсiздiгiне нақты қауiп төнген кезде шұғыл шараларды қабылдаусыз мүмкін болмайтын жағдайда ерекше жағдайлар режимi енгiзiледi.
4. Мекемелерде ерекше жағдайлар режимін енгізу үшін:
1) табиғи апат;
2) мекеме орналасқан ауданға төтенше, ерекше немесе соғыс жағдайының енгiзiлуi;
3) жаппай тәртiпсiздiктер;
4) сотталғандардың топтасып бағынбаушылығы.
5. Ерекше жағдайлар режимi негiзгi мiндеттердi iске асыру арқылы орындауға қол жеткiзетiн мынадай элементтерден: мекеменiң қалыпты тұрмыс-тiршiлiгiн қалпына келтiруден, сотталғандар тарапынан болған заңсыз әрекеттердiң жолын кесуден, мекеменің персоналы мен сотталғандардың және мекемеге іргелес жатқан аумақта тұратын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуден, сондай-ақ табиғи апат, авария және өрт салдарын жеңіп шығудан тұрады.
Ерекше жағдайлар режимiн енгізген кезде мынадай әрекеттер жасалады:
1) мекеменiң (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің аумақтық бөлінісі) жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтiлген түрiне көшіріледі;
2) мекемеде жұмыс iстейтiн азаматтық қызметшілер мен әйелдер мекеме аумағынан тыс жерге шығарылады;
3) мекеменiң күн тәртiбi өзгертіледі;
4) мекеменiң объектілерінде және оған іргелес жатқан аумақтарға (өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-білім беру, медико-санитарлық үй-жайлар) кiруге шектеулер қойылады немесе кіргізу тоқтатылады;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың құқықтарын іске асыруда аталған режимнің күші уақытша тоқтатылады;
6) сыртқы күзеттi күшейту бойынша шаралар қабылданады;
7) дүкен, тамақ блогы жанында және материалдық құндылықтар сақталатын, оның iшiнде апат орындарынан шығарылғандар орындарға бекеттер қойылады;
8) табиғи апат жағдайында электр энергиясы (күзетiлетiн объектiнiң периметрiн жарықтандыруды қоспағанда) өшіріледі;
9) төтенше жағдайлар кезiндегi іс-қимылда қолдану үшiн автотрактор, бронетанк, өрт сөндiру – су атқыш және өзге де техникалар дайындалады;
10) жедел қызметтер сотталғандардың заңсыз әрекеттерiн кино-, фото-бейне, таспаға түсiреді, сондай-ақ куәгерлермен және жәбiрленушiлермен сауал жүргізуді;
11) аумақтық өртке қарсы, газ-апаттық, медициналық және өзге де қызметтерді тарту, олардың кедергiсiз жүруiн және ілесіп жүру қамтамасыз етіледі;
12) жеке құрамның қарумен, арнаулы құралдармен қамтамасыз етiлуiн, байланыс құралдардың және қызметтiк iздестiру иттердiң бар-жоғына тексеру жүргізіледі;
13) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң, iшкi iстер және Ұлттық ұлан органдарының жеке құрамымен бiрлескен жаттығулар жүргізіледі;
14) жүргiзiлетiн іс-шаралар кезінде қолдану үшiн жедел ақпараттар алынады және талданады;
15) мекеме әкiмшiлiгiнің күштерiмен жанжал ошағын оқшаулау, заңсыз әрекеттердiң ұйымдастырушылары мен белсендi қатысушыларын ұстау жөнiнде шаралар қабылданады;
16) егер әкiмшiлiк күшiмен сотталғандар іс-әрекетінің жолын кесу мүмкін болмаса, арнаулы операция жүргiзіледi.
Заңсыз әрекеттердiң жолын кесу жөнiндегi арнайы операция қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң қызметкерлерiн, жедел әрекет жасау бөліністерін, сондай-ақ iшкi iстер органдарының басқа да күшi мен құралдарын тартумен жүргiзiледi. Арнайы операцияның басталуы алдында сотталғандарға заңсыз әрекеттердi тоқтату ұсынылады, оларға жеке құрамды енгiзе отырып, төтенше шаралардың қолданылуы туралы ескертiледi.
6. Ерекше жағдайлар режимі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісіліп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі.
Көрсетілген мерзімде ерекше жағдайлар режимін енгізуде белгілі мақсатқа қол жетпеген жағдайда, оның қолданылу уақытын көрсетілген лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке ұзартады.
7. Ерекше жағдайлар режимін енгізетін жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы өз бетінше қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органның бірінші басшысын шұғыл хабардар етумен, қолда бар байланыс арналары арқылы бір сағаттан кейін жазбаша (арнайы хабарлама) растау арқылы өз еркімен осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген шараларды енгізеді. Ұлттық ұлан бөлінісінің командирі қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы хабарламаны алған кезде объектінің күзетін және өткізу режимін, сотталғандарды қадағалауды күшейтеді.
8. Ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы шешім бұйрық түрінде ресімделеді, онда:
1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ерекше жағдайлар режимін енгізу үшін негiздеме болатын мән-жайлар;
2) орындауға жататын iс-шаралардың тiзбесi;
3) қылмыстық-атқару жүйесiнiң күштерi мен құралдары, iшкi iстер және iшкi әскерлер органдарының күштерi мен құралдарын тартудың мақсаттылығы, жауапты лауазымды адамдар;
4) міндеттердің орындалу мерзімі көрсетіледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 16 қыркүйектегі Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9733 болып енгізілді.